«Бұл ит Шотландия аралдарының бірінде неолит дәуірінде қолға үйретілген. Historic Environment Scotland (HES) мәліметтеріне сенсек, иттің түр әлпеті қасқырға ұқсас болып шыққан. Бұл ұйым реконструкцияны Шотландияның Ұлттық музейімен бірігіп жасаған», - деп жазады басылым.
23:36, 14 Сәуір 2019
Ғалымдар неолит дәуіріндегі иттің басын реконструкциялады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ғалымдар 4,5 мың жыл бұрын Оркней аралдарында өмір сүрген иттің басын реконструкциялады. The Guardianбасылымының жазуынша, сарапшылар иттердің басы әлем бойынша алғаш рет реконструкцияланғанын айтқан.