Тәжірибе 17 жыл қатарынан өткізілді. 140 мыңға жуық адамның мәліметі сарапталды. Ғалымдар көп күйзелтетін мамандықтар инсультті тудыруы мүмкін екенін аңғарды.
Зерттеу көрсеткендей, жұмыстағы күйзеліс салдарынан 22% ер мен 33% әйел инсульттен зардап шегуі мүмкін.
Күйзеліске ұшыратпайтын мамандықтар - аула тазалаушы мен шахтер. Алайда шахтер өзге аурулардан жапа шегуі ықтимал. Кеңсе қызметкерлері, оның ішіндегі мұғалімдер, инженерлер мен журналистер көп жағдайда денсаулығын қауіпке тігеді. Күйзеліс, тұрақсыз тамақтану, отырып жұмыс істеу - біртіндеп, алайда зиянын тигізеді, деп есептейді зерттеушілер.