Ғалымдар пластикалық ыдыстарды пайдаланудың зиянды екендігін ескертеді

АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Пластика құрамына кіретін А бисфенолы тек жүрек ауруы мен бедеулікке ғана емес, сонымен бірге бас ауруына да зиянды екендігі белгілі болып отыр.

Канзас университетінің базасында өткізілген тәжірибе барысында тышқандардың организмінде бисфенолдың көп болуынан олардың белсенділігі төмендеген, сондай-ақ қорқып жарықтан, шудан қашқан.

Ғалымдар А бисфенолының бас ауруына әсер етіп қана қоймай, оны әлдеқайда күшейте түскендігін анықтады, деп хабарлады Myjane.

Ғалымдар пластикалық бөтелкелер, тәрелкелер, сонымен бірге, қысқа толқынды пештерде қолданылатын түпқоймалардың зиянды екенін ескертеді. Оларды барынша аз пайдалануға тырысу керек.