Олардың пікірінше, алкогольдік ішімдіктердің ішінде әсіресе арақ адамға өте зиянды, деп хабарлайды Би-Би-Си. Lancet медициналық журналында Ресейдің Барнаул, Бийск, жән Томск қалаларында 1999-2010 жылдар аралығында алкогольді тұтыну мәдениетін зерттеу нәтижесі жарияланды. Зерттеушілер Ресейдегі ер адамдардың төрттен бірі 55-ке жетпей өмірден өтетінін атап өткен. Олардың көбісі арақты көп ішкендер болып шықты. Ішімдікке қатты салынғандар әртүрлі қатерге тап болады. Айталық ішімдіктен уланып қалады, өзіне-өзі қол жұмсауға дейін барып, тамақ және бауыр қатерлі ісігіне шалдығып жатады. Ұлыбританияда халықтың 7 пайызы ғана болмаса, қалған көпшілігі 55-тен асып өмір сүреді екен. Зерттеу авторларының бірі, Оксфорд университетінен Ричард Петоның сөзіне қарағанда, орта есеппен алғанда ересек ресейлік азамат үшін жылына 20 литр арақтан келеді.
08:48, 31 Қаңтар 2014
Ғалымдар: ресейліктердің түбіне арақ жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдегі ер адамдардың төрттен бірі 55-ке жетпей өмірден өтеді. Ғалымдардың халықаралық тобы бұны алкогольдік ішімдіктерден көріп отыр.