Ғалымдар: С дәрумені обырды емдеуге көмектеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канзас медициналық университетінің ғалымдары С дәруменінің көмегімен қатерлі ісікті емдеудің жолын тапты. Зерттеушілер дәстүрлі химиялық жолмен емдеудің орнына, күре тамырға С дәруменін егу арқылы қатерлі ісік жасушаларын өлтіріп, химиялық терапияның уытты әсерін төмендетті, деп жазады Science Translational Medicine.

Адамдар мен жануарлардың жасушаларындағы терапияны бақылау С дәруменінің күре тамырдың ішіндегі инъекциялар комбинациясы мен карбоплатин және паклитаксел сияқты қарапайым химиялық терапия препараттарының салдарынан тәжірибелік жағдайда обырдың ұрық пайда болатын жерін тоқтатқанын көрсеткен.

«1970 жылдары аскорбин қышқылы немесе С дәруменін қатерлі ісік ауруын емдеу кезінде пайдалану дәстүрлі емес терапияға жататын. Бұл қауіпсіз болды, есептер күре тамырдың ішінен емдеу тиімділігінің дұрыстығын көрсетті. Алайда кейінгі зерттеулер С дәруменін екі рет қолданғаннан кейінгі жағдайдың тиімсіз болатынын анықтаған-ды. Сондықтан онколог дәрігерлер бұл идеядан бас тартты», - дейді Канзас медициналық университетінің интегративті медицина департаментінің доценті Ци Чэнь.

Клиникалық зерттеулер 3-ші және 4-ші дәрежедегі қатерлі ісік аурына шалдыққан 27 науқасқа қатысты жүргізілген. Олардың бәріне дәстүрлі химиялық терапиямен емдеу тәсілі қолданылғанымен олардың кейбіреуінің күре тамырының ішінде С дәрумені егілген. Дәрігерлер осы зерттеуге қатысушыларды бес жыл көлемінде бақылаған. Сонда аскорбин қышқылын пайдаланған науқастарда химиялық терапия салдарынан болатын интоксикацияның мөлшері төмендегені байқалды.