Ғалымдар Сатурнның ірі жер серігі - Титанда жерасты мұхитын анықтады

АСТАНА. 30 маусым. ҚазАқпарат - Ғалымдар "Кассини" НАСА автоматты ғаламшараралық стансаның көмегімен Сатурнның ірі жер серігі  - Титанда жерасты мұхитының бар екендігін анықтады,  деп жазды ИТАР-ТАСС.

2004 жылдан бастап 2011 жылға дейін Титанды 6 рет айналып ұшу барысында "Кассини" стансасының көмегімен жиналған мәліметтерді зерттей келе, ғалымдар ғаламшардың үстіңгі қабатындағы мұздың астында - 100 шақырым тереңдікте мұхит бар деген қорытындыға келіп отыр. Сондай-ақ Титаннан басқа Юпитердің серігі Еуропада және Сатурнның кішкентай Энцелад ғаламшарында жерасты мұхиты болуы мүмкін.

 «Титанның үстіндегі мұхит болжам бойынша толығымен судан немесе аздаған мөлшердегі тұз аралас судан тұрады», - деді зерттеудің авторы, итальяндық "Ла Сапиенца" университетінің ғалымы Лучиано Есса. Оның айтуынша, Титанның үстіңгі қабатындағы судың анықталуы ғаламшарда адамдардың өмір сүретініне кепіл бермейтіндігін айтты.