Белгілі болғандай, бояуларда сутек тотығының көмегімен әрекет ететін қышқылдандырғыш бояғыштар болады екен. Олар ароматтандырғыш аминдар мен бояушы компоненттердің арасында химиялық реакция жүргізеді.
Ароматтандырғыш аминдар - толуидиндерді рак қоздырғышы деп бұған дейін де айтып келген. Ал, орто-толуидиндерді ресми түрде канцероген деп тапқан. ЕО-да ароматтандырғыш аминдарды косметикалық заттарда қолдануға тыйым салынған. Бірақ, Лунд университетінің ғалымдары дәлелдегендей, бұның өзі шаштараздарды құтқара алмайды.
Мамандар 295 шаштаразға зерттеу жүргізген. Оның 32-сі ылғи шаш бояумен айналысқан. Зерттеу нәтижесінде шаштараздардың қан құрамында о-толуидиндер мен мета-толуидиндер табылған. Олар жиі шаш бояумен айналысқан сайын қан құрамындағы канцерогендер көрсеткіші арта түскен.