Ғалымдар: Шай ерте өлім қаупін төмендетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Декарт атындағы Париж университетінің ғалымдары шайқұмарларды жаңа зерттеулерімен қуантты, деп жазады Cars­N сайты.

Осы оқу мекемесінің қызметкерлері шай үнемі ішкен адамның ерте өлім қаупін 24 пайызға төмендетеді деп санайды. Профессорлар өздерінің мәліметтерін ESC халықаралық кардиологиялық конгресіне ұсынды.

130-дан астам еріктілер шайдың өз денсаулығына әсерін сынап көрді. Бұл тәжірибе 7 жыл бойы жүргізілді. Бұл адамдар күніне төрт кеседен көп шай ішкен. Қорытындысында олардың ауруға ұшырау қаупі шайды аз ішкен басқаларға қарағанда төрттен бірге төмендеген. . Ал кофе ішу кейбір аурулардың өрістеу қаупін туғызған.