2-ден 5 жасқа дейінгі балалар мен шимпанзенің миы еш ерекшеленбейді екен. Зерттеуге қатысқан бүлдіршіндер мен маймылдардың алдағы уақыттағы әрекетін жоспалауда, болжауда мүмкіншіліктері бірдей болған.
Тәжірибе үшін ғалымдар арнайы компьютерлік ойын әзірледі. Балалар мен маймылдарға өз әрекеттерін алдын ала болжап, лабиринттен шығу керек болды, деп хабарлады Informing порталы.
Нәтижесінде, лабиринттен шығуға шимпанзе балаларға қарағанда көбірек уақыт жұмсаса да, тапсырманы мүлтіксіз орындаған.
Осылайша, ғалымдар шимпанзенің ойлау деңгейі 2-5 жастағы балалардың ойлау деңгейіне барабар деген тұжырым жасады.