Аталмыш компания мамандары хабарлағандай, шөлде өсетін әрі мұхит суымен қоректенетін өсімдіктерден биоотын өндірудің бәлендей қиындығы жоқ көрінеді. Осыған байланысты, әсіресе, әуе көлігіне қажетті биоотын құрамында тұзы көп топырақта немесе сортаң жерлерде өсетін өсімдіктерден, соның ішінде, галофиттен алынатын болады.
Мұхиттың кермек татыған тұзды суымен суғарылатын галофиттің екі бірдей егістігінен алынатын биоотын реактивті ұшақтарға пайдалнылатын болады. Жанар-жағар майдың орнына жүретін биоотынның осынау түрі әдеттегі қазбалы отын түрлері бөліп шығаратын көмірқышқыл газын 50-80 пайызға дейін азайтады екен.