Бұл туралы шетелдік БАҚ жазады.
Мысалы, британдықтар Сингапур тұрғындарына қарағанда әлдеқайда ұзағырақ ұйықтайтын болып шықты. Бұл зерттеудің нәтижелері Frontiers in Neurology журналында жарияланды.
Ғалымдар зерттеу барысында Ұлыбритания халқы мен Сингапур тұрғындарының күніне қанша уақыт ұйықтайтынын, күндіз қанша уақыт жұмыс істейтінін салыстырып қараған. Белгілі болғандай, екі елдің тұрғындары таңда бір уақытта тұрғанымен, шығыс жұрты батыстықтарға қарағанда кеш жатады екен.
Деректерге сүйенсек, Ұлыбританияда адамдар тәулігіне 7,5-8 сағатын ұйқымен өткізсе, Сингапур халқы 7 сағаттан кем ұйықтайтын болып шықты.