Мұндай құбылыстар басқа ғаламшарларда кездеседі. Криожанартаулар өте төменгі температурада су мен түрлі агрегаттық күйдегі метан мен аммиак сияқты бірқатар химиялық қосындыларды бөліп шығарады.
Белгісіз кратер 2014 жылдың шілдесінде Бованенково мұнай өндіру базасынан 30 шақырым қашықтықта табылған. Оны алғаш Ямалдағы Бованенково мұнай-газ кен орнына қызмет көрсететін тікұшақтың ұшқыштары тапқан болатын.