Мамандар бірыңғай когнитивтік бұзылумен науқастанған адамдардың есте сақтау қабілетін жақсартудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Онымен күресудің классикалық әдістерін қолданған науқастар жаттығу барысында тез жалығып кетеді және мотивацияны жоғалтады. Сондықтан ғалымдар науқастардың тапсырма орындап, тиын жинайтын мобильдік қосымша ойынын жасады. Зерттеуге барлығы бірыңғай когнитивтік бұзылуға ұшыраған 42 адам қатысқан.
Олардың бір бөлігі төрт апта бойы гаджеттегі тапсырмаларды орындаса, қалғандары - жаттығу жасау үшін клиникаға барып жүрген.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, науқастар ойын түрінде тапсырманы тез орындап, 40 процентке дейін есте сақтау қабілетін жақсартқан.