Ғалымдар: Спортпен шұғылдану миға жақсы әсер етеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық ғалымдар спортпен шұғылданудың тағы бір пайдасына көз жеткізді. Шотландиялық университетте жасы 70-тен асқан еріктілер қатысқан зерттеу жүргізді. Олар үш топқа бөлінді, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Алғашқы топқа спортпен мүлдем шұғылданбайтындар, екінші топқа кей кездері спортқа көңіл бөлетіндер және үшіншісіне үнемі фитнес-орталықтарға баратындар кірді.

Зерттеу жұмысына қатысушылар үш жыл қатарынан медициналық тексерістерден өтті. Онда ғалымдар адамдардың миының жасушаларын зерттеген.

Нәтижесінде, үшінші топтағы адамдардың өзгелермен салыстырғанда миының жасушалары азырақ жойылғаны анықталды.