Олар стратосферадан балдырларға ұқсас микроағзалар тапқан. Бұл ағзалар ғаламшар бетінен 25 шақырымға көтерілген құрылғы шынылардан алынған. Бұрын-соңды мұндай биіктікте ұқсас ешнәрсе болмағанын айтқан ғалымдар бұл құбылысты метеоритті жаңбырдың көмегімен түсіндіріп отыр. Дегенмен британдық ғалымдардың әріптестері балдырлардың стратосфераға көтерілуі жанартаудың атқылауынан болуы мүмкін деген болжамды алға тартуда, деп жазады 24 kz.
04:27, 22 Қыркүйек 2013
Ғалымдар стратосферадан микроағзалар тапқан
АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жер кеңістігінде бұрын байқалмаған тіршілік иесі табылды. Мұндай мәлімдемені британдық университет ғалымдары жасап отыр.