Ғалым Джордж Чёрч бастаған топ мұз болып қатып қалған жануарлардың гендерін қазіргі азиалық пілдердің хромосомаларына салу арқылы осы нәтижеге қол жеткізбек.
Зерттеушілердің сөзіне қарағанда, бұл талпыныс осыдан 4 мың жыл бұрын Жер бетінен жойылып кеткен сүтқоректілерді қайта тірілтуге септігін тигізеді.
Белгілі болғандай, Чёрч 2015 жылдан бастап мамонттарды тірілтуге арналған Woolly Mammoth Revival жобасын басқарады.