Белгілі болғандай, аз қозғалу адамның салмағын арттырып, диабетке шалдығу қаупін жоғарылатады. Мамандар зерттеуге артық салмағы бар 234 адамды қатыстырған.
Адамдарды үш топқа бөледі: бірінші топқа метформин (қант деңгейін төмендететін препарат), екінші топ физикалық белсенділік деңгейін жоғарылатты, үшінші топқа плацебо берді.
Зерттеудің басынан бастап еріктілер күніне 140 минуттан теледидар көрді, сонымен бірге 400 минут жұмыста отырды. Белгілі болғандай, теледидар алдында отырған әр сағат олардың диабетке шалдығу қаупін 3,4 пайызға ұлғайтқан. Бұдан бұрын да айтылғандай, күн сайын теледидар алдында өткізген 6 сағат адам өмірінің 5 жылын қысқартады екен. Орта есеппен алсақ, адам уақытының 90 пайызын отырумен өткізеді екен.