Жасанды саусақты сынауға 11 жыл бұрын қолында фейерверк жарылып саусағынан айырылған адам шақырылды. Оның саусағының орнындағы жүйке талшықтарына медицина қызметкерлері сымдар және сенсорлар жалғау арқылы бионикалық саусақты қосты.
Сынақ кезінде жасанды саусақпен түрлі затты басып, ұстап көрді. Алынған белгі компьютермен өңделді әрі сынаушыға жіберілді, ол болса нені сезгенін айтып беріп отырған.
96 пайыз жағдайда ол тегіс затпен үсті бұдыр затты айыра алды. «Нәрсені өз саусағымен сезгендей күйде боласың», - деді ол.