Ғалымдар тірі жүректі 3D принтері арқылы басып шығармақшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Стюарт Уильямс басқаратын Луисвилл университетінің медицина саласындағы сарапшылар тобы 3D принтерінің көмегімен тірі адам жүрегін жасау жобасын іске қосатынын мәлімдеді, деп жазады «TG Daily». Мұндай жүрек бір есепті, шын болса, бір есепті, жасанды болмақ және ол трансплантация үшін арналған.

Ғалымдар принтердің көмегі арқылы бір емес, бірнеше рет түрлі органдарды, тіпті жамбас сүйектен құлаққа дейін жасаған болатын. Алайда жүрек сияқты күрделі және маңызды органның жобасын басып шығару бірінші рет қолға алынбақ. Жоба аясында мамандарға 3D принтерінің көмегімен жүректің жекелеген бөліктері - жүректегі қан жолы тетігі мен шағын қан тамырларын жасау қолдан келген.

«Басылып шыққан» жүрек науқастың жасушаларынан тұрады, ол ұлпалардың күшпен тартып алу қиындықтарын азайтуға мүмкіндік береді. 5 жылдан соң ғалымдар 3D технологиясының көмегімен басылып шыққан жекелеген элементтерден тірі жүректі алуды жоспарлап отыр. Бұл трансплантологиядағы тың жаңалық болмақ.