Нәзік жандылардың жамбас тұсы мен беліндегі май қыртыстары сәбидің интеллектуалды дамуы және оның аман қалу мүмкіндіктерімен байланысты. Аталған дене бөліктеріндегі май қабаттарынан докозагексаенді қышқылды табуға болады. Бұл - адам миының құрамындағы заттардың бірі, деп жазады Росбалт.
Жүйке жүйесі мен мидың қалыптасуына көп көлемде май қажет, деп хабарлады Meddaily. Балалардың миына қажетті қышқылдардың 80%-ға жуығы ананың май қыртыстарынан алынады екен.