Ғалымдар тоңазытқышта бүліне бастаған тағамды лазермен анықтау тәсілін ұсынды
19:11, 30 Наурыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея ғалымдары тоңазытқышты лазерлік сәулемен жабдықтауды ұсынды. Бұл құрылғы арқылы тоңазытқыштағы азық-түліктерді ауру тасымалдайтын бактериялардың өнуін анықтауға болады.
Инженерлердің айтуына қарағанда, олардың технологиясы өнеркәсіптік ірі тоңазыту кешенімен және үйдегі тоңазытқыштарда да пайдаланылады. Бұл өзге тәсілдерге қарағанда арзанырақ, әрі дайындықты қажет етпейді, деп жазды Technology Review.
Жүйенің көмегімен ғалымдар Bacillus cereus-те тауықтың төс етінен ішек таяқшасын тапты. Осындай тағамнан адамдар уланып қалады. Жүйе бактерияларды бір-бірінен айыра алмайды, сонымен қатар «жасырын» түрде әрекет ететін бактерияларды таба алмайды.