Ғалымдар: тұрғылықты жер адамның өмір сүру салтына әсер етеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Базарлар, қоғамдық көліктер аялдамалары және қалалық саябақтар маңында тұратын адамдар өзгелерге қарағанда физикалық жаттығуларға аптасына 90 минут көбірек көңіл бөледі екен. Мұны Калифорния Университетінің ғалымдары анықтады, деп жазды The Economic Times.

Зерттеушілер 18 бен 66 жас аралығындағы 6822 адамның мәліметтерін сараптады. Мамандар қатысушылардың тұратын аудандарын зерттеді. Физикалық белсенділік деңгейі акселерометрлердің көмегімен өлшенді. Ол ең кемі аптасына төрт күн еріктілердің беліне байланды.

Орташа алғанда қатысушылар физикалық жаттығуларға күніне 37 минут бөлген. Саламатты өмір салтын жүргізуге икемді және икемсіз аудан тұрғындарының физикалық белсенділігі аптасына 68-89 минут аралығында болған. Бұл ұсынылатын бір аптадағы 150 минуттың  45-59% құрайды, деп жазды meddaily.ru.