Ғалымдардың пікірінше, тұрып жұмыс жасау жүрек ауруының және семіздіктің алдын алады. Себебі тік тұрған адамда жүрек қағысы жиілейді, сондай-ақ артық калорияларды кетіреді. Егер адам түрегеп тұрса, оның тамыр соғысы орташа алғанда 1 минутта он рет жиі соғады. Осылайша 1 минут ішінде 0,7 калория кетеді.
Ғалымдар күн ұзаққа кеңседе, орынтақта тапжылмастан отырып жұмыс істейтін адамдарға бір күнде жарты сағаттай тұрып жұмыс істеуге кеңес береді. Олардың пікірінше, нәтиже 1 ай өткенде-ақ белгілі болады.
Сондай-ақ мамандар жұмыс кезінде 15-20 минут физикалық жаттығулар жасаған жөн деп есептейді. Отырып жұмыс істеу адамдарда ішек аурулары мен буын ауруларын тудырады, деп жазады шетелдік БАҚ.