Тәжірибе барысында америкалық ғалымдар еріктілерге супермаркетке кірер алдында алма, не печенье жеуді немесе олардан бас тартуды ұсынған. Супермаркеттен шығарда зерттеушілер үш топтағы адамдардың сатып алған тауарларын салыстырды. Сөйтіп, алма жегендер қалған екі топтағыларға қарағанда көкөніс пен жемісті 25 пайызға көбірек алғанын аңғарды. Сонымен қатар ғалымдар алма жеген тұтынушылар пайдалы азық-түлік өнімдерін таңдағанын атап өтті.
"Бұл тәжірибе өнімді таңдауға әсер ете алатынымызды көрсетті. Сатып алушыларға супермаркетке кірер кезде көкөніс пен жемістердің бір тілімін жеп алуды ұсынамыз", - деді тәжірибе авторы, доктор Анер Тал.