Осы топтағы тілдердің пайда болуы туралы дау осы кезге дейін жалғасып келеді, алайда көпшілігі оны 5 мың жылға жуық уақыт бұрын Каспий маңы далаларында пайда болған деген теорияны жақтайды.
Жаңа Зеландия филологтарының Science журналында жарияланған мақаласында олар қолданған филогенетикалық талдау әдісі баяндалған. Әдетте бұл әдіс вирустық індеттерді зерттеуде қолданылады.
Анадолылық болжамды алғаш рет 1980 жылдардың соңында британдық лингвист Колин Ренфрю ұсынған болатын, бүгінде ол лингистер арасындағы даулы мәселеге айнлды, ал олардың көпшілігі далалық болжамды алға тартады.
Филогенетикалық талдау әуелде әртүрлі организмдердің арасында ДНК генетикалық кодының ортақтығын бағалау үшін жасалған болатын.
Доктор Кевин Аткинсон және ол басқарған Жаңа Зеландиядағы Окленд университетінің зерттеушілер тобы жүздеген сөздерді талдап, олардың бір-бірімен туыстастығын тексерген, үндіеуропалық тілдерде тұрақты болып келетін әсіресе, дене мүшелеріне, табиғат құбылыстарына, қозғалысқа қатысты 400-ден астам сөзге талдау жасаған.
Олар құрастырған 103 үндіеуропалық тілдердегі 207 түсінік сөздеріне негіделген талдау филогенетикалық принциптер бойынша компьютерлік нұсқаға көшірілген, солардың ішінде латын және ежелгі грек тілдері сияқты өлі тілдер де қамтылған, бұл зерттеулердің қорытындысы анадолылық болжамның негізділігін көрсетеді. Оған қатысқан Рединг университетінің профессоры Марк Пейгел де бұл болжамды қуаттап отыр.
Алайда бұл қорытындыларды лингвистердің бәрі бірдей жақтап отырған жоқ. Хельсинки университетінің профессоры Петри Каллио кейбір мағынасы жуық түсінік сөздері әртүрлі тілдерде де бар екенін алға тартады.