Segodnya.ua интернет порталының хабарлауынша, зерттеушілер кейбір тамақ түрлерінің адам ағзасын әлсіретіп жіберетінін анықтаған. Бірақ бұл тізімдегі ең алғашқы орында алкоголь тұр. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, спирттік ішімдіктер ұйқыны тез шақырып, денені босаңсытқанымен, адам бойындағы күшті қалпына келтіре алмайды. Ал екінші орында тұрған тәттілер қан құрамындағы глюкоза деңгейін бірден өзгертіп, ағзаны тез арада әлсіретіп жібереді. Үшінші саты күркетауық етіне бұйырған. Мамандардың сөзіне сенсек, диеталық бұл еттің құрамында релаксиялық әсер беретін ақуыздар көп көрінеді. Сонымен қатар ұннан жасалатын тағамдар да тізімге енді. Әсіресе ақ бидай ұнынан әзірленген макарондардың ағзаны тез шаршатып, әлсірететіні анықталып отыр. Бестіктің қатарындағы соңғы орында қуырылған тағамдар тұр. Мамандардың айтуынша, қатты қуырылған ас ұйқы шақырғаннан бөлек, асқорыту жүйесін бұзып, салмақ қосуға үлкен үлес қосады екен.