Ғалымдар жүргізген зерттеуге 53 ерікті қатысты. Олардың 30-ында ұйқымен еш қиындық болмаған. Ал қалғаны жиі ұйқысыздық дертімен ауырған.
Мамандар екі топтың адамдарына да магнитті-резонансты томография жасатты. Ұйқысыздыққа шалдыққан адамдардың миының ақ бөлігі аз болғанын аңғарған.
Қорытындысында ғалымдар сенімді болу үшін зерттеуге қатысқан адамдардан өздерінің психологиялық жағдайларын бақылауға алуды сұраған. Мамандар зерттеу қорытындысы бойынша мынадай мәлімдеме жасады: түнде дұрыс демалмау мидағы ақ заттардың нормадан аз болуына, мидағы нейрондардың әлсіздігіне алып келеді, деп жазады шетелдік БАҚ.