Мамандар бұл құрылғы ұшақпен жиі ұшатын, түнгі уақытта жұмыс істейтін және маусымдық жайсыз өзгерістерді көтере алмайтын адамдар үшін таптырмас құрал екендігін тілге тиек етеді. Ерекше көзілдірік Re-timer деп аталады. Ол сәуле мен фототерапияны адамға қай кезде ұйықтауды және оянуды білдіретін ішкі реттеу қызметі ретінде пайдаланады. Бұл құралдың бағасы шамамен 300 доллар тұрады, деп жазады 24.kz.
«Бұлар - өте кішкене құрылғылар, олар электрлі сәулені тиімді айналдыра алады және егер оларды көзге жақын ұстаса, онда қажетті энергия береді», - дейді Re-timer көзілдіріктерін жасаушы Леон Лэк.