Ғалымдар: ұйқысыздықтың себебі мидың шектен тыс белсенділігінде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар кейбір адамдардың ұйқысыздығы неліктен болатынын анықтады. Белгілі болғандай, ұйқыздыққа шалдыққан жандардың миы қарапайым адамның миынан ерекше, деп хабарлады The Tech Times.

Ұйқысыздыққа шалдыққан адамдардың миы күндіз әлдеқайда белсенді. Сол себепті оған түнде мидың белсенділігін төмендету қиын. Мұны 50 және одан асқан жастағы 28 адамға жүргізілген зерттеулер дәлелдеді.

Зерттеуге қатысқан 18 адам бір жыл бойы ұйқысыздықпен күрессе, 10 адам өздерін қатты ұйықтайтындар санатына жатқызған.

Мидың аса белсенділігі ұйқының жетіспеушілігін қалпына келтіруге қауқарсыз. Ғалымдар қатысушылардың миларының созымдылығын өлшеп көрмек болған. Мидың созымдылығына келер болсақ, ол үшін ұйқының маңызы ерекше. Сәйкесінше, ұйқы қанбағандықтан, мидың белсенділігі төмендейді.