Ғалымдар ұзақ неке үшін қолайлы жасты атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық The Independent газеті Юта Университетінің зерттеушісі Николас Вольфингердің қай жаста неке қию керек деген кеңесін еске салды. Сарапшының пікірінше, 28-ден 32 жасқа дейін неке қиғандар арасында ажырасу қаупі өте төмен.

Сонымен қатар басылым неке терапиясы бойынша белгілі британиялық маман Эндрю Дж. Маршаллдың сөздерін келтірді. Ол адамдар «идеалды қарым-қатынасты» көрсетуге тырысады деп ойлайды. Сарапшының айтуынша, 100% түсінетін «толыққанды серіктес» бар деп есептеледі.

Маршаллдың ойынша, неке қиюдың қолайлы мерзімі - бұл жастардың (серіктестердің) екеуі де шынайы осындай қадам жасауды қалағанда болады деп санайды.