Ғалымдар Валенсиядан қабырғадағы кескіндемелер кешенін тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испания археологтары Валенсиядағы аудандардың біріндегі үңгірден қабырғадағы кескіндемелерді тапты, деп хабарлады Europa Press.

Онда адам мен жануарлардың суреті бейнеленген. Оларда мүйізді мал, аңшылық, садақ атушылар және басқа да сюжеттер бейнеленген. Қабырғадағы бейнелерге жеті мың жылдан астам уақыт болған. Ғалымдар табылған бұл олжа Пиреней түбегі мен Валенсияда ежелгі уақыттарда өмір сүрген адамдардың қабырғадағы кескіндеме өнері дамуын табуға көмектеседі деп санайды.

Қауіпсіздік мақсаттары үшін шенеуніктер мен археологтар бұл олжаның қайда орналасқанын құпия ұстап отыр, ал зерттеушілер оны талдап, егжей-тегжейлі баяндаманы ғылыми қоғамдастыққа тапсырмақ. Испанияда бұған дейін қабырғадағы кескіндеме өнеріне қатысты мұндай ежелгі артефактілер табылмаған болатын.