Ғалымдар ВИЧ-тің жаңа штаммын тапты

АСТАНА. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат -  Француз ғалымдары   ВИЧ (Адамның  иммундық тапшылығы қоздырғышы)     вирусының  жаңа штаммын    тауып  отыр.   Олардың айтуынша,

жаңа штамм адамға горилладан  беріледі  екен.    Бұған дейін    ғалымдарға мәлім  болып келген     вирустың  үш штаммы   адамға шимпанзеден  өткен болатын,  деп   хабарлайды  Би-Би-Си телекомпаниясы.

Зерттеушілер,  бұл  жаңалықтың    ВИЧ вирусының жаңа    түрлерін  іздестіру  қажеттілігін   туғызып отырғанын     айтуда.   Әсіресе,   орталық және  батыс Африкада  зерттеулер  жүргізу керек, дейді  олар.

Дәл осы аймақтарда  осыдан   жарты ғасыр бұрын   ВИЧ вирусының  түрлері    шимпанзеден  адамға    өткен  деп саналады.  Вирустың  жаңа штаммы   СПИД-ті жұқтырмаған  Камерун тұрғынынан   табылып отыр.

Естеріңізге сала кетейік,   әлем  бойынша ВИЧ  вирусын  жұқтырған  адамдардың  75 пайызға  жуығы   Африка  және  Кариб  өңірі елдерінде  тұрады.  Вируспен  күресуге    миллиондаған қаржы  жұмсалуда. Мысалы,  АҚШ  жаһандық  көлемде      СПИД-пен,  туберкулезбен және безгекпен күресуге   2014 жылға дейін 48 миллиардқа  жуық   доллар     жұмсағалы  отыр.