Ғалымдар Якутияда табылған зілді клондағалы жатыр

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Якутия мен Кореяның ғалымдары Якут жерінен табылған жүндес зілдің гендік құрамдарын алып, ұрғашы пілді ұрықтандыру арқылы клондамақшы, дейді Нұр.кз сайты.

«Біз осыдан бірнеше мың жыл бұрын өмір сүрген зілдің ұрығын алып, қазіргі пілдің жатырына салмақпыз. Ол ұрықты 22 ай көтеріп, айы-күні жеткенде бізде кішкентай зілді туып береді деген үміттеміз» - дейді ғалымдар.

Олардың айтуынша зілдің ұрығы Якутияда алынып, ол Оңтүстік Кореялық ғалымдарға жіберіледі. Себебі олардың бұған дейін ірі жануарларды клондаудан үлкен тәжірибелері бар.

Оқымыстылардың болжауынша, егер де олардың жоспарлары ойдағыдай іске асатын болса, алдағы 10-20 жылда тірі зілдерді көре алатын боламыз.