Ғалымдар зейнеткерлерге арнап «ақылды» электромобильдер құрастыруда

АСТАНА. 25 сәуiр. ҚазАқпарат -  Ұлыбритания ғалымдары жасы 65-тен асқан автоәуесқойлар үшін  өздерін жолда нық сенімді сезіне алатын «ақылды» электромобиль құрастыруда,

деп хабарлайды  ИТАР-ТАСС,  британияның апталық газеті  «The Independent» басылымына сілтеме жасап. Бұл туралы BNews.kz сайты жазды.

Модифицикаланған  Peugeot iOn  электромобилі жүргізушінің көзқарасы мен қимыл-әрекетін бақылайтын бірқатар қондырғылармен жарақтандырылған. Атап айтқанда, ол жүргізушінің қан қысымы мен жүрек соғысын, жүрек-қан тамырлары жүйесін бақылап отыратын  биометрикалық  технологиялар.

Бұл  ағылшындардың Ньюкасл  қаласы университетінің бір топ ғалымдары ойлап шығарған  өзіндік ерекшелігі бар «дөңгелекті зертхана». Кеңінен зерттеуге арналған жобаның мақсаты  көлік құралдарын егде адамдар басқарған кезде жол бойында жоғары қауіпсіздік ережелерін қамтамасыз ету. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жоғарыда аталған жасы ұлғайған адамдар жол бойында  денсаулық жағдайының нашарлауына  жиі тап болады екен.