Ғалымдар: Жаһандық жылу салдарынан алма дәмі өзгеріске түсуде

АСТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Жапондық ғалымдар жаһандық жылынудың салдарынан алмалар өзінің дәмдік қасиеттерінен айрылып, тәттірек болып барады деген қорытындыға келді, деп хабарлады informing.ru.

Зерттеушілер тобы Жапония бақтарындағы 1970 жылдан 2010 жылға дейінгі аралықтағы мәліметтерді жинаған. Әртүрлі егін жемістерін талдау алманың қышқылдығын және дәмін жоғалтып,, оның құрамында қант көбейгенін көрсетті. Ғалымдар алманың ерте гүлденуі мен жемістерінің пісіп-жетілуінің жоғары температураға байланысты екенін анықтаған. Сондай-ақ егінге жылдан-жылға елеулі өзгеріп жатқан жауын-шашын түсуі де әсер етуде, деп санайды ғалымдар.

Қорыта келгенде, олар жаһандық жылыну алмалардың ерте гүлденуінің басты себебі деген тоқтам жасады..