Ғалымдар: Жалғызсырайтын жандар суық тигенде басқаларға қарағанда өзін әлдеқайда жайсыз сезінеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Техас штаты Хьюстон қаласындағы Райс университеті жаңа зерттеу жүргізіп, оған 18-55 жас аралығындағы 159 адам қатысты. Еріктілердің бәрі бойдақ болған. Ғалымдар олардың бәріне тұмау жұқтырған және олардан қоғамнан оқшаулануға келісуін сұраған, деп хабарлайды UPI.com.

Осыдан соң қатысушыларды қонақ үйлердің бөлмелеріне карантинге жапқан. Ғалымдар еріктілерді екі-үш күн бойы бақылаған. Нәтижесінде, олардың ширек бөлігі тұмаумен ауырған. Ал қоғамнан оқшаулану аурудың жұғу көрсеткішіне әсер етпеген. Алайда ғалымдар ауру симптомдары арасындағы өзгешелікті байқаған.

Қоғамнан, айналасындағы адамдардан көмек, қолдау күтіп тұратын, жалғызсырайтын адамдарда ауру симптомдары қоғамнан оқшауланудан қорықпайтын жандарға қарағанда әлдеқайда ауыр болған.