Ол үшін ғалымдар пайдаланылған ядролық отынды кәдеге жарату және аса жоғары температураға төзімді қорытпа жасау мәселелерін шешуі керек.
Торийдің «танымалдығы» уранмен салыстырғанда төменірек, өйткені, оны қаруға пайдалану қиынға соғады. Ал, өткен ғасырда ядролық қару жасаушы мемлекеттер энергия көзі ретінде пайдаланылмайтын элементтерге баса назар аударған, деп жазды Engagdet .
Көптеген елдер энергия алудың жаңа жолдарын іздеп жатыр, алайда, баламалы энергия көзіне көшу бір ғана онжылдықтың жұмысы емес. Торий реакторларын аралық тізбек мақсатында пайдалану - қиын жағдайдан шығудың жолы болуы әбден мүмкін.