Ғалымдар «жастық генін» анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гарвард университетінің мамандары адамға он жыл жас көрінуге мүмкіндік беретін гендік топты анықтады.

Осындай қорытынды жасамас бұрын, сарапшылар миллион адамның мәліметтерін зерттеп шықты.

Бұл гендік топтың афроамерикандықтардың арасында жиі, атап өткенде - 20 пайызында кездесіп тұратыны атап өтіледі. Ақ адамдарда ген екі есе сирек - зерттелгендердің небәрі 10 пайызында. Сондықтан қара нәсілді адамдар өз қатарынан едәуір жасырақ көрініп тұрады, деп атап өтеді Svopi.