Зерттеушілердің есебі бойынша, ғаламшарымызда 117 миллионға жуық көл бар, ол жер бетінің шамамен 4 пайызын алады екен.
Айта кету керек, Гренландия мен Антрактиданың мұзды көлдері зерттеуде есепке алынбаған.
«Көл жағалауларының жалпы ұзындығы экватор ұзындығынан 250 есе көп. Бұл сан бұған дейінгі жасалған есептен басқа», делінген мақалада. Мамандардың айтуынша, спутник арқылы жүргізілген зерттеу барысында тұман, тау көлеңкесі секілді көлмен шатастырып алуға болатын орындар су бетін ажырату бағдарламасына қиынға соққан.