Судың құрамындағы газдарға сынама жасалып (гелий, неон, аргон, ксенон) ғалымдар оның жасы 2 млрд жылға тең деген тұжырым жасады.
Бұл су тұйық күйінде сақталған. Әзірге оның құрамынан тірі ағзалар табылмады. Алайда онда миллиардтаған жыл бұрынғы микробтардың өмір сүруі жоққа шығарылмайды. Бұл Жерде зерттелмеген тіршілік аумағы бар екендігін ғана көрсетіп қоймай, басқа планеталарда да осындай тұстардың табылатынын көрсетеді.