Ғалымдардың пікірінше, осы факторлар толыққанды жұмыс істеп өмір сүру үшін қажетті негізгі ресурстар екен. Қолға алған жұмыс жемісті болу үшін ғалымдар төмендегідей кеңес береді:
• Таңғы жаттығу - Дене мен миды ояту үшін адам 10 минуттай жаттықса жеткілікті. • Таңғы ас ішкенге 30 минут қалғанда лимон қосылған су ішу. • Оянған соң теледидар немесе компьютерді қоспаған жөн, өзге гаджеттерді де пайдаланбаған абзал. • Толыққанды таңғы ас. Жұмыста ғана емес, өмірінде де барлығы жақсы болу үшін, ғалымдардың пікірінше, таңғы ас ішу әдетке айналуы тиіс. • Жаңа күн үшін нақты мақсаттар мен міндеттерді алға қою. Қайда, қашан және бұл іске қанша уақыт кететінін жоспарлаған да дұрыс. • Өткен күнге баға беру.Тиісті нәтижелерге қол жеткізбеген жағдайды, күн тәртібіне өзгеріс енгізу қажет. Маман Трэвис Брэдберридің сөзіне қарағанда, ойдағыға қол жеткізу үшін жоғары аталғандардың барлығын күнделікті жасап жүрген жөн.