3 жылға созылған тәжірибе нәтижесіне сәйкес, қоғамдық көлікпен жүргендердің денсаулығы мықты болатыны анықталды, деп жазады informing.ru. Мамандардың айтуынша, олардың қан қысымы қалыпты болып, диабет пен артық салмақ дегенді білмейді екен. Сөйтсе, жұмыс орнына қоғамдық көлікпен немесе велосипедпен бару семіздіктің пайда болуын 44 пайызға, қан қысымының артуын 27 пайызға, ал диабеттің пайда болу қаупін 34%-ға азайтқан. Мұның өзінде қоғамдық көлікпен жүретін жолға 20 минут уақыт жұмсалуы тиіс.