Ғалымдар жүрек-қан тамырлары аурулары дамуының себептерін болдырмайтын вакцина жасады
02:41, 03 Сәуір 2012
АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Лунд университетінің швед ғалымдары адам организмінің иммундық жүйесін күшейтетін химиялық қосылысты жасады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Бұл вакцина жүрек-қан тамырлары аурулары дамуының себептерін жояды.
«Вакцина тамырлар қабырғасына холестерин жиналуына жол бермейді. Соның нәтижесінде инфарктінің басты себебі болып табылатын тамырлардың тарылуының алдын алады», - деп атап өткен Би-Би-си.
Осы вакцинамен бірге аэрозоль түріндегі дәрі жасалуда. Инфарктіге қарсы тұра алатын бұл препарат таяудағы бес жылдың ішінде дәріханаларға түседі деп күтілуде.