Бұл мәліметтерді бүгін Мемлекет басшысының Жолдауына байланысты ғалымдар, докторанттар және магистранттар арасында өтіп жатқан ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірәсілов мәлім етті.
Оның деректеріне қарағанда, 2015 жылға қарай елде білім беру ісін жетілдірумен байланысты бағдарлама негізінде мемлекеттік тапсырыс мың орынға жетеді. «Бұл мемлекеттің жастарды ғылым саласына тарту бағытындағы қолдауы»,-дейді академиия ректоры.
Оның деректерінше, өткен жылы магистранттардың академиялық ұтқырлығына өткен жылы алғаш рет 200 миллион теңге бөлінсе, биыл бұл сома 500 миллион теңгеге дейін жетті.
«Ғылым саласында болып жатқан осы сияқты игі өзгерістер әрине біздің академияға да қатысты. Биыл алғаш рет бюджеттен 4 жоба бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары мен әлеуметтік зерттеулер жүргізуге қажетті қаржы бөлінді. Білім және ғылым министрлігі осы мезетте біздің магистранттардың академиялық ұтқырлығы мен шетелдік зертеушілерді тарту үшін 30 миллионнан астам қосымша қаржы бөлгендігін мәлім етті»,-деді Б.Әбдірәсілов.