АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ғалымдардың ендігі міндеті - қазақтардың ұлттық тарихының жаһандық тарихпен байланысының тереңдігін, кеңдігін әрі ауқымдығын көрсету. Бүгін Ақордада өткен ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының үшінші отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин осылай деді.
«Ғалымдардың ендігі міндеті - бүкіләлемдік тарихи процестің бөлінбес бөлшегі ретіндегі біздің тарихымызды көруге, ұғынуға мүмкіндік беретін терең, объективті ғылыми зерттеулер жүргізу. Тағы да қайталап айтамын, бізге жергілікті тарих қажет емес. Қазақ ұлттық тарихы - бұл бүкіләлемдік тарихтың бөлшегі. Мұны біз ертерек көрсетер болсақ, онда жаһандық тарихпен біздің ұлттық тарихымыздың байланысының тереңдігін, кеңдігін, ауқымдылығын нақтырақ дәлелдейтін боламыз», - деді Мемлекеттік хатшы.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.