Олар Гавай аралдарындағы Мауна-Лоа жанартауының жанына марсқа ұқсас жасанды орта дайындап, соның ішінде бір жыл өмір сүрген. Сыртқа шыққан күннің өзінде скафандр пайдаланған. Бұған дейін NASA Қызыл планетаға ұшатын зымыран тасымалдағыштың қозғалқышын сынақтан сәтті өткізген болатын. Ал 2 жыл бұрын ғалымдар Марсқа қонуға арналған ғарыш аппаратын алғаш рет сынап көрді.
«Бұл сынақтардың қорытындысы өте маңызды. Осының көмегімен болашақ экипаж мүшелері ғарышқа ұшқанда түрлі тапсырмаларды орындауға дайындалады», - деді ғалым Тристан Бассингтуэйт.