Бірлескен ән Иван Дорнның Youtube каналында жарияланған. Украиналық әншінің Youtube каналына 108 мыңға жуық жазылушы тіркелген. Әнші сондай-ақ, жаңа әнді өзінің Инстаграм парақшасына жариялады.
Әнді тыңдаған тыңдармандар жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
«Уау!!! Екеуі де мен үшін керемет әртістер! Клип түсірсе тіпті қатып кетер еді», - деп жазады әншілер тыңдармандарының бірі.
«Украин мен қазақ тілінің бір әнде тоғысуы керемет!» - деп жазады екінші тыңдарман.
Қос елдің әншілері жаңа әнді қазақ және украин тілдерінде орындап шыққан. Тыңдармандар әншілердің тағы да бірлескен жобалары болатынына сенім білдіріп жатыр.