«Көптеген елде инфляция нысаналы көрсеткіштерден артты. Әлемдегі монетарлық саясаттың күшеюі және логистикалық проблемалардың шешілуі 2023 жылы инфляцияның баяулауына әкеледі деп күтілуде. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының болжамы бойынша G20 елдерінде инфляция 2022 жылғы 8,2 пайыздан 2023 жылы 6,5 пайызға дейін төмендейді», - деді Ғалымжан Пірматов.
ҰБ төрағасының атап өтуінше, инфляция болжамы бірқатар алғышартқа байланысты. Олар: коронавирустың жаңа толқынының болмауы, Украинадағы соғыстың күшеймеуі, Еуропадағы энергия нарығындағы қысымның төмендеуі. Тыңайтқыштар бағасының өсуі, қолайсыз күн райының қатері қосымша проинфляциялық факторлар саналады.
«Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы нақты мөлшерлемеге қатысты болжамды көрсеткіштердің оң болуын ескере келе, инфляциялық қысымды төмендету үшін пайыздық мөлшерлемелерді одан әрі көтеруді ұсынады. Сонымен қатар, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының пікірінше, салық-бюджет шараларында инфляция жоғары болған кезеңде бұдан былай тұрақты ынталандырудан бас тарту және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету қажеттілігі ескерілуге тиіс екені маңызды», - деді ол.
Фото: 24kz