26 маусымда өткен іс-шараға 150-ден астам адам қатысты. Олардың арасында ҚР және ГФР-дың салалық министрліктері мен ведомстволарының, жетекші компаниялар мен банктердің жауапты қызметкерлері, сондай-ақ екі елдің шағын және орта бизнес өкілдері болды.
Қатысушылар инновациялық-инвестициялық және қаржылық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен болашағын, келісімдік-құқықтық базасын одан әрі кеңейту мәселелерін, сондай-ақ ақпараттық технологиялар, білім және ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау, туризм және басқа да саларадағы өзара әрекеттестікті талқылады. Отырыс соңында ағымдағы жылдың ақпанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ГФР-ға сапары барысында қол қойылған 2014 жылға дейінгі Инновациялық-инвестициялық серіктестік бағдарламасының аясында басымдықты жобалардың тізімі қабылданды.
Неміс делегациясының басшысы К.-Э.Браунер: «Қазақстан Германия үшін Орталық Азиядағы маңызды сауда-экономикалық серіктестік болып табылады және екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында тараптарға барынша бірлескен күш-жігерлер қажет», деп атап өтті.
Қазіргі уақытта Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жоғары динамикамен сипатталады. 2011 жылы екіжақты сауданың көлемі дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерден асып, 6,2 миллиард еуроны құрады. 2012 жылдың төрт айы бойынша тауар айналымы шамамен 2 млрд. еуроны құрады. Германдық бизнес Қазақстан экономикасында кеңінен көрсетілген, германдық капиталдың қатысуымен неміс компаниялары мен банктерінің біріккен кәсіпорындары мен өкілдіктерін қоса алғанда 1200-ден астам экономикалық құрылымдар тіркелді.