Гана полициясының ақпаратынша, 23 адам түрлі жарақатпен ауруханада жатыр, деп хабарлады Би-Би-Си.
Metro Mass Transit мемлекеттік көлік компаниясына тиесілі автобус Кумасиден елдің солтүстігіндегі Тамале қаласына бағыт алған.
Апат сәрсенбі күні кешке орын алған. Жол-көлік апаты туралы бейсенбі белгілі болды. Апаттың орын алу себебі айтылмады, алайда полицияда жүк көлігінің де, автобустың да жүргізушілері жылдамдықты асыруы мүмкін деп отыр.
Ел президенті Джон Махама көз жұмғандардың туыстарына көңіл айтты.